Біркелкі биік лақса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біркелкі биік лақса (Echіnops fastіgіatus) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Таудың ең төменгі белдеулеріндегі қорымтасты беткейлер мен ашық жерлерде өседі. Қазақстанның оңтүстігінде – Сөгеті өзенінің сағасында, Алмалысайда, Қырғыз Алатауының батыс сілемінде тараған. Биіктігі 15 см, тамырсабағы жуан, сабағы тік, бұтақтанбайды. Жапырақтары қалың сопақша-қандауыр пішінді, жиектері жіңішке тікенекті, тіс тәрізді иректелген. Гүлі көк түсті, ұсақ себетгүлдері шоғырланып, домалақ шоқпарбас гүлшоғырына жиналған. Тұқымынан көбейеді. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі – көп қырлы айдаршалы тұқымша, айдаршасы түп жағынан бірігіп кеткен, желмен ұшып таралады. Біркелкі биік лақса – өте улы өсімдік, мал жемейді. Жемісінің құрамында эхинопсин деген улы алкалоид бар. Тұқымының құрамында 28%-ға дейін тез кебетін май бар. Біркелкі биік лақса өте сирек кездесетін, эндемик түр, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біркелкі биік лақса|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}