Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гвиана таулы үстірті"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: темп-расы → температурасы, ӘС → °С using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Гвиана таулы үстірті — Оңт. Американың солт.-шығысында, Амазона ойпатының солт-нде орналасқан. Венесуэла, Бразилия, Гайана, Суринам және Гвиана (франциялық) мемлекеттері аумағында жатыр. Абсолютiк биіктігі 3014 м (Неблина тауы). Жер қыртысы, негізінен, кристалдық тақтатастан, гнейстен, граниттен және кварциттік құмтастар мен конгломераттардан түзілген. Жоғарғы архей жыныстары марганец, темір, уран, алтын, алмаз, боксит кендеріне бай. Жер бедері төбелі-жазықты (150 — 400 м), орт. бөлігі үстіртті және таулы (Серра-Имери, Пакарайма, Ауян-Тепуи және Рорайма). Бұл тұсынан Амазона, Ориноко өзендерінің көптеген салалары бастау алады. Жер бетіндегі ең биік Анхель сарқырамасы осында орналасқан. Климаты ыстық, субэкваторлық және ылғалды экваторлық. Жылдық орташа температурасы 22 — 28°С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 1200 — 1700 мм, шығысында 3500 мм. Гаусс т. ү-нің батыс және шығыс бөліктерінде ылғалды мәңгі жасыл, орталығында жапырағын ауыстыратын мәңгі жасыл орман өседі. Жоталардың ығында саванна қалыптасқан. Үстіртте кең танаулы маймыл, құмырсқажегіш, сауыттылар, құстар, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub