Гвиана таулы үстірті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гвиана таулы үстірті — Оңт. Американың солт.-шығысында, Амазона ойпатының солт-нде орналасқан. Венесуэла, Бразилия, Гайана, Суринам және Гвиана (франциялық) мемлекеттері аумағында жатыр. Абсолютiк биіктігі 3014 м (Неблина тауы). Жер қыртысы, негізінен, кристалдық тақтатастан, гнейстен, граниттен және кварциттік құмтастар мен конгломераттардан түзілген. Жоғарғы архей жыныстары марганец, темір, уран, алтын, алмаз, боксит кендеріне бай. Жер бедері төбелі-жазықты (150 — 400 м), орт. бөлігі үстіртті және таулы (Серра-Имери, Пакарайма, Ауян-Тепуи және Рорайма). Бұл тұсынан Амазона, Ориноко өзендерінің көптеген салалары бастау алады. Жер бетіндегі ең биік Анхель сарқырамасы осында орналасқан. Климаты ыстық, субэкваторлық және ылғалды экваторлық. Жылдық орташа температурасы 22 — 28°С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 1200 — 1700 мм, шығысында 3500 мм. Гаусс т. ү-нің батыс және шығыс бөліктерінде ылғалды мәңгі жасыл, орталығында жапырағын ауыстыратын мәңгі жасыл орман өседі. Жоталардың ығында саванна қалыптасқан. Үстіртте кең танаулы маймыл, құмырсқажегіш, сауыттылар, құстар, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гвиана таулы үстірті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}