Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Папуа — Жаңа Гвинея"
(→Дереккөздер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Infobox Country Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Бука аралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмарк архипелагтарының аралдары кіреді.
- Жер аумағы 462840 км².
- Халқы 5 млн. (2001).
- Астанасы – Порт-Морсби қаласы
- Ресми тілі – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады.
- Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.
- Мемлекет басшысы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор.
- Үкімет басшысы – премьер-министр.
- Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламент.
- Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді.
- Ұлттық мейрамы – Ұлт күн – 16 қыркүйек (1975).
- 1975 жылдан БҰҰ-ға мүше.
- Ақша бірлігі – кина.
Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 – 4000 м. Елдің ең биік нүктесі – Вильгельм тауы (4509 м).
Мазмұны
Климаты
- Климаты субэкваторлық және ылғалды.
- Жылдық орташа температура 25 – 28ӘС.
- Жауын-шашынның орташа мөлшемі жазық жерлерде 1000 – 4000 мм, таулы жерлерде одан да көп. Тайфун дауылы жиі болып тұрады.
Гидрографиясы
Өсімдік және Жануарлар дүниесі
- Елдің үштен екі бөлігін орман алқабы алып жатыр.
- Өсімдік әлемі бай, әр түрлі. 1000 – 2000 м биіктікте қылқан жапырақты орман басым. Аралдың оңтүстігінде эвкалипт және акация ағаштары, жағалауларда саго пальмасы мен қант қамысы өседі.
- Жан-жануарлар дүниесін негізінен бауырымен жорғалаушылар, құстар (500-ге жуық түрі) және жәндіктер құрайды. Крокодил, улы жыландар, геккондар көп кездеседі. Казуарлар, тотықұстар, тәжтұмсықты көгершіндер, күрке және бейіш құстары кең тараған. Ехидна, проехидна, кенгуру, валлаби, жабайы ит – динго, кускустар, қалталы борсық, жүнқұйрықтар, т.б. мекен етеді.
Tабиғи қорлары
Негізгі табиғи қорлары:
Тарихы
Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды.
- 1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады.
- 1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті.
- 1884 ж. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды.
- 1906 ж. Австралия неміс протекторатының жерін басып алды.
- Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Австралия Одағына берілді.
- 1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды.
- 1973 ж. желтоқсанда Папуа — Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды.
- 1975 ж. тәуелсіздік жариялап, Ұлыбритания Достастығына мүше болып кірді.
Экономикасы
Экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі.
- Басты ауыл шаруашылық дақылдары: кофе, какао, банан, кокос пальмасы, каучук өсімдігі. Жүгері, маниок, ямс, батат, таро, қант құрағы өсіріледі.
- Ет өндірісі үшін мал ш. жолға қойылған. Балық кәсіпшілігі жақсы дамыған.
- Тау-кен өнеркәсібінде алтын, күміс, мырыш, мыс өндіріледі.
Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, какос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді.
- Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшемі 2390 АҚШ долл. (1997).
- Негізгі сауда серіктестері: Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Сингапур, Оңтүстік Корея.
Сыртқы сілтеме
Дереккөздер
- Австралия и Океания, М., 1967;
- Малаховский К.В., Остров райских птиц:
- История Папуа – Новой Гвинеи, М., 1976;
- Кики Альберт Моари, Десять тысяч лет в одну жизнь. Перевод с английского, М., 1981.
<references/>
Үлгі:Countries and territories of Oceania Үлгі:Austronesian-speaking Үлгі:Commonwealth of Nations Үлгі:WTO