Жаңа Гвинея
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox islands
Жаңа Гвинея (индонезияша Papua, Үлгі:Lang-en) — Тынық мұхиттың батысындағы арал. Меланезия топаралына кіреді. Үлкендігі жағынан Жер шарындағы Гренландиядан кейінгі екінші арал. Ауданы 829 мың км² . Австралиядан Торрес бұғазы бөліп тұр.
Аралдың орталық бөлігінде батыстан шығысқа қарай Орталық таулар созылып жатыр (абсолютiк биіктігі 5030 м, Джая тауы), ал солт-нде Жағалаулық таулар (абсолютiк биіктігі 4103 м, Бангета тауы) орналасқан. Оңтүстік бөлігі ойпатты кең жазық, абсолюттік биіктігі 100 м-ден аспайды, оңтүстік-батысы — батпақты. Солтүстік жартысының климаты — экваторлық, оңтүстігінде — субэкваторлық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 1000 мм, таулы аймақтарда 4000 мм-ге дейін жетеді. Биікт. 4000 м-ден асатын тауларда мұздықтар қалыптасқан. Өзендері ұзын, суы мол (Мамберамо, Сепик, Дигул, Флай), кеме жүзуге қолайлы. Ылғалды тропиктік орман өседі. Оңт-нде саванна кездеседі. Ормандарда папоротник, лавр, мирта, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлары — кенгуру, қалталы борсық, крокодил. Аралдың батыс бөлігі Индонезияның территориясына (Батыс Ириан), шығысы Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің территориясына енеді. Аралдың тұрғылықты халқы — папуастар мен меланезиялықтар. Негізгі кәсібі — егіншілік. Негізінен, батат, жүгері өсіреді. Кокос пальмасы, какао, кофе, каучук гевеясы плантациялары бар. Мұнай, күміс, алтын, көмір өндіріледі. Балық аулау кәсібі дамыған. Ірі қалалары: Порт-Морсби, Маданг (Папуа — Жаңа Гвинея), Соронг, Джаяпура (Индонезия). Жаңа Гвинея аралында европалықтардан алғаш рет 16 ғ-дың 1-жартысында португал саяхатшылары болып қайтты. Аралды орыс ғалымы Н.Н. Миклухо-Маклай (1846 — 1888) зерттеген.
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаңа Гвинея|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}