Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева — филология ғылымының докторы (2006), профессор (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1967 жылы 8 сәуірде қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында туған.

ҚазМУ-ды (1989, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1991-93 жылдары "Азия" халықаралық газетінің Ресейдегі арнаулы тілшісі, 1993-99 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде аға оқытушы, 1999-2007 жылдары Еуразия ұлттық университетінде доцент қызметі атқарды, 2007 жылдан осы университетте кафедра профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрын түбегейлі зерттеп, ғылыми айналымға түсірген.
"Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының поэтикасы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 7 оқу-әдістемелік құралдардың, 1 хрестоматия, 2 библиография көрсеткіштің авторы.

Марапаттары

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер