Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ермек Ерубайұлы Әжиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға Ермек Ерубайұлы Әжиев (2.01.1966, Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылы) - қаржыгер. Қазақ.

Білімі

Өмірбаяны

  • 1990 жылдан - КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі Шымкент облыстық басқармасының өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын қаржыландыру және несиелендіру бөлімінде экономист.
  • 1991 жылдан - «Тұранбанк» АБ Шымкент басқармасы брокерлік қызмет бөлімінің брокері.
  • 1992 жылдан - «Агроөнеркәсіпбанк» АКБ басқарушысының орынбасары (Шымкент облысының Ордабасы ауданы).
  • 1993 жылдан - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасында банктік қадағалау басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1994 жылдан - «Казкоммерцбанк» АБ Шымкент филиалының директоры.
  • 1997 жылдан - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы.
  • 1998 жылдың тамызынан бері - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры.

Мақалалары

  • Тәжірибелік және теориялық аспектілері» (2005), «Қаржы нарығы» (2007), «Ұлттық банктің қазіргі заман жағдайындағы қызметі» (2009) Ақша-несие саясаты, Қазақстанның қаржы секторының дамуы мәселелері бойынша республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Қоғамдық жұмысы

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен;
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен (2007);
  • Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен (2003);
  • ОҚО әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Шендері

Әскери атағы - аға сержант.

Отбасы

  • Әкесі - Әжиев Ерубай Әжиұлы (1934-2004), ОҚО Алғабас, Қызылқұм, Ордабасы аудандық ауруханаларының бас дәрігері болып жұмыс істеген.
  • Анасы - Әжиева Бахыт Әбдіқадырқызы (1936 жылы туған), ОҚО Ордабасы аудандық ауруханасында акушер-гинеколог болып жұмыс істеген, қазіргі уақытта Шымкент қаласының әйелдер кеңестерінің бірінде жеке тәжірибемен айналысады.
  • Үйленген. Жұбайы - Әжиева Мәдина Төреқызы (1969 жылы туған).
  • Қызы - Әжиева Жанат Ермекқызы (1992 жылы туған);
  • ұлдары - Әжиев Қанат Ермекұлы (1993 жылы туған), Әжиев Сәкен Ермекұлы (1994 жылы туған), Әжиев Дәулет Ермекұлы (2002 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>