Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сергей Нұртайұлы Нұртаев"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 5 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:20, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сергей Нұртайұлы Нұртаев (6 қараша 1974, Алматы) — қазақстандық дипломат, елші. I дәрежелі кеңесші.
Өмірбаяны
1974 жылы 6 қарашада Алматыда Римма мен Нұртай Әбіқаевтардың отбасында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан.
Білімі
1998 жылы Қазақ мемлекеттік университетін “заңгер”, 2007 жылы Ресей мемлекеттік басқару академиясын “мемлекеттік және муниципалды басқару” мамандығы бойынша тәмамдады. 2011 жылы “ЕурАзЭҚ елдерінің интеграциясы жағдайында Ресей мен Қазақстанның экономикасын жаңғыртуға инвестиция салудың қаржылық әлеуеті” тақырыбында жоба қорғап экономика ғылымдарының кандидаты атанды.
Мансабы
- 1998—2002 — «Жетісу» зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның директорлар кеңесінің кеңесшісі;
- 1998—2002 — Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің Үшінші хатшысы;
- 2002—2004 — Қазақстанның Абердин қаласындағы (Шотландия) консулы;
- 2004—2007 — Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы;
- 2007—2015 — Қазақстанның Грекиядағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2015—2021 — Қазақстанның Италия, Мальта және Сан-Маринодағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2021—2024 — Қазақстанның Швеция мен Даниядағы елшісі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Екатерина Сергеевна Нұртаева (1985 туған). Балалары: ұлдары — Тимур (1998 туған) мен Федор (2007 туған) және қызы — Тамила (2008 туған) Нұртаевтар.
Әкесі Нұртай Әбіқаев (1947 туған) — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (1998—1999, 2010—2015), Парламент Сенатының төрағасы (2004—2007). Анасы Римма Филипповна Әбіқаева (1946 туған)
Бауырлары: ағасы Марат Әбіқаев (1969 туған) — «Каскор-Транссервис» АҚ директорлар кеңесі төрағасы; және қарындасы Әлия Де Тизенгаузен (1982 туған).
Марапаттары мен атақтары
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі (2006);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Қазақстан президентінің алғысы (2010);
- Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл медалі, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі, Ерен еңбегі үшін медалі (2011);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл (2017);
- Астанаға 20 жыл медалі, Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапат (2018);
- Қазақстан президентінің алғысы (2019);
- Құрмет ордені (2020);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі (2021);
- Италия жұлдызы ордені (2021).