Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Белоусов полиметалл кен орны"
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Белоусов полиметалл кені – Кенді Алтайдағы полиметалл өндірілетін ірі кен орны. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында, Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Ол ежелгі кен қазбаларының орнында ашылған. 1931 жылы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 250-500 м тереңдікте жатқан бірнеше кен денелері ашылды.
Геологиялық құрылымы
Кен өрісінің астында ордовик кезеңінің терең метаморфталған амфибол-пироксенді гнейстері және слюдалы-кварцты тақтатастары, ал үстінде жоғарғы девон кезеңінің кварц-дала шпатты порфирлері, туфтекті альбитофир-тақтатасты қабаттары, тас көмір кезеңінің шөгінді жыныстары жатыр. Кен орны осы қабаттар аралығында орналасқан.
Минералдары, құрамы
Кентастарды құрайтын минералдар – халькопирит, сфалерит, галенит, пирит, барит, ал мысты-колчеданды кентастарды борнит, халькозин, пирит, сондай-ақ күміс минералдары; сирек кездесетін элементтерден селен, теллур, висмут, алтын, кадмий, т.б. бар. Тотығу белдемі 65 м тереңдікке жетеді. Белоусов полиметалл кені орнынан өндірілген кентас Ертіс кен-металлургия комбинатының шикізаты.<ref >Қазақ энциклопедиясы</ref>