Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бестас (құм)"
ш (Салиха Бестас құмы бетін Бестас (құм) бетіне жылжытты: Атауын өзгерту) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Бестас – Балқаш көлінінің оңтүстігіндегі жал құм.
Географиялық орны мен жер бедері
Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзені мен Шет (Бақанастың құрғақ арнасы) аралығында батыстан шығысқа қарай 110–115 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 80–90 км-ге созылған. Оңтүстігі Сарыесікатырау құмына жалғасады. Құмды алқаптың абсолюттік биіктігі солтүстікке қарай кеми береді. Құм жалдың биіктігі 3–20 м, солтүстік-шығысы жарқабақты, оңтүстік-батыс беткейі көлбеу келеді. Жер асты суы 5–20 м тереңдікте.
Өсімдігі
Сексеуіл, еркекшөп, теріскен, жусан өскен. Солтүстігіндегі ойпаң жерлерінде бұта, жыңғыл, көл маңына таман қамыс өседі. Бестас құмы — қысқы мал жайылымы.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>