Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайыңды (Ойыл алабы)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: {{KZ}} → {{KAZ}} using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Қайыңды – Ойыл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 1030 км2.
Бастауы
Бастауын Қызылжар қыстауының жанындағы биіктігі 4 м болатын жарқабақты жырадағы бұлақтардан алып, Ойыл өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жоғарғы бөлігінде арнасы сайлы-жыралы, Қайыңды ауылынан төменде арнасы кеңейіп жайылма пайда болады. Бірнеше саласы бар. Ірілері: Қызылжарсай, Қызылсай, Күкіртті. Суы жыл бойы болады. Жағалауында бұта аралас бетеге, сұлыбас, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы шаруашылыққа, ауыз суына пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>