Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қытай (өзен)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Түркістан облысы өзендері» деген санатты аластады; «[[Санат:Бәйдібек ауданы өзендері|Бәйдібек ауданы ө)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен ҚытайСырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Қаратау жотасының орта бөлігінің оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Мыңбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 1,8 км жерде жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

Ұзындығы 40 км, жалпы ұзындығы 13 км болатын 6 жылғасы бар. Жоғарғы ағысы тау шатқалымен, орта және төменгі ағысы көлбеулеу келген сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Жаз айларында арнасындағы ағын қарасуларға бөлініп қалады. Алабының 35%-і игерілген. Батысында Ақтас, Аюсай, Кемербұлақ өзендері ағып өтеді. Шығысында Күшікбай, Қарабұлақ өзендерінің негізінде салынған Досан-Қарабас бөгені орналасқан.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер