Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ковчег-тапан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

«Ковчег-тапан» - Батыс Қазақстан облысындағы армян диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы. Ол кәсіпкер С. Л. Тер-Григорянның бастамасымен 1995 ж. Орал қаласында құрылды. Қоғамның ұйымдастыруымен 1996 ж. армян тілін оқытып-үйрететін жексенбілік мектеп ашылды. Қоғам мүшелері облыс көлемінде, Орал қаласында өтетін әр түрлі мәдени-әлеуметтік шаруаларға белсене қатысып, тұрмысы нашар жерлестеріне көмек көрсетеді. Қазір облыста 484 армян ұлтының өкілі (1999) тұрады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub