Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жанқожа батыр кесенесі"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғимарат Жанқожа батыр кесенесі – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 км жерде.
Кесене сипаты
Жанқожа батыр – қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. ХІХ ғасырда Хиуа мен Қоқан хандықтарының озбырлығына, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы тұрып, қаруын сілтеген ұлт-азаттық күресінің көсемі.
Жанқожа батырдың жерленген жері қазіргі Қызылқұмдағы Кәукей ауылынан 170 км жерде орналасқан.
1969 жылы ұрпақтары батыр бабаның басына мазар тұрғызған.
Кесене құрылысын салуға жүздеген шебер құрылысшылар қатысқан. Мыңдаған адамдар сенбілікке шығып, көмектесіп, қаржылай үлес қосқан. Халық пір тұтқан батырдың ескерткішін тұрғызуға қатысқандардың есімі кесене шежіресі жайлы кітапқа жазылады (кітап Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы қорында сақтаулы). Қызылқұм жерінде жатқан бейітінен топырақ әкеліп қойылып, батыр рухына ас беріліп, республиканың түкпір-түкпірінен адамдар жиналады.
Жанқожа батыр кесенесінің іргетасына бетон блоктары төселіп, оның қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған. Ұзындығы 11,5 м, ені 11,5 м, биіктігі 8 м. Жалпы ауданы 127 шаршы метрді құрайды.
Халық Жанқожаны батыр, әрі әулие ретінде танығандықтан, сәулет ескерткіші ерекше тағзым ететін орындарының бірі болып табылады, өйткені батырдың бейнесі халық жадында көзсіз батырлықтың, руластарына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктің үлгісі ретінде сақталып қалды.
Казіргі кезде Жанқожа батыр кесенесі тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>