Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тентексор (қоныс)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: '''Тентексор''' — Каспий маңы ойпатындағы қоныс. Жем алабында. Атырау облысы, Мақат және [[Жылыой ауданы|Жылыо)
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 4 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

ТентексорКаспий маңы ойпатындағы қоныс.

Жем алабында. Атырау облысы, Мақат және Жылыой аудандары жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен ең төмен жері 19 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 55 км-ге созылған, енді жері 20-25 км. Қоныс аумағын түгелдей дерлік сор алқабы алып жатыр. Батысында Тентексор, шығысыңда Комсомол мұнай кен орындары бар. Сор, сортаңды топырақ жамылғысында сораң шөптер өседі. Солтістігінде Бэр төбешіктері орналасқан. Топырақтың құнарсыздануына байланысты қоныстағы сор алқабы жылдан- жылға ұлғаюда.<ref>Қазақстан табиғаты 5 -том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2013 ISBN 996978-601-7472-15-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер