Бэр төбешіктері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бэр төбешіктері – ендік бағытта біріне-бірі қатарлас жатқан, ұзынша келген қырқалар.Негізінен хвалын кезеңінің құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген төбешіктерден құрылған.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref> Каспий маңы ойпатының оңт. бөлігінде, Кума (Ресей) және Жем (Ембі) өзендерінің төм. ағыстары аралығында кездеседі. Биікт. 10 – 45 м, ұзындығы 25 км, ені 200 – 300 м, арақашықтығы 1 – 2 км шамасында. Құм мен тығыздалған саздан түзілген. Құмды қырқалар арасындағы сайларда (қолаттарда) тұзды көлдер, сор және тақырлар орын алған. Акад. К.М. Бэрдің пікірінше (1856), төбешіктер Каспий деңгейінің күрт құлдырауы салдарынан теңіз түбінен пайда болған. Көптеген геоморфологтар (Федорович және т.б.) төбешіктердің пайда болуын жел әрекетімен (эолдық) байланыстырады. Өйткені Еділдің атырауында таза құмнан тұратын ендік бағыттағы қырқалар жиі кездеседі. Каспий маңы ойпатының оңт. етегінде кездесетін Б. т-не ұқсас жергілікті шоқылар тектоник. жолмен пайда болған және тұзды күмбездермен де байланысты. Сондықтан төбешіктердің пайда болуына теңіздің, эрозиялық әрекеттің, кейіннен эолдық өңдеудің әсері болған. Б. т-н алғаш рет сипаттап жазған Бэр болғандықтан соның есімімен аталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}