Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мыңтөбе (қоныс)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(санат қою) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Мыңтөбе — Нарын құмының орта тұсында, Бозанай (Бұзанай) құмды алқабындағы қоныс.
Географиялық орны
Атырау облысы, Исатай ауданы, Мыңтөбе ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы
Құм төбелер қоршап жатқан Мыңтөбенің ұзындығы 10 км, енді жері 8 км шамасында. Жер бедері тегіс, жиектеріндегі құм төбелерді жағалап теріскен, ебелек, сорқаңбақ, т.б. шөптесіндер өскен. Оңтүстік бөлігін сор басқан. Қоныс жиегінде қыстаулар жатыр. Теңіз деңгейінен 3-5 м төмен жатыр. Қоныс жиегімен даланың бірнеше қара жолдары өтеді.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>