Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көксутөбе"
(→Сипаты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Көксутөбе – ежелгі дәуірден және орта ғасырлардан сақталған қоныс орны (I-XII ғасырлар).
Орналасқан жері
Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Көксу ауылы маңында орналасқан.
Сипаты
Көксутөбені 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Кейін 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан педогикалық институты жанындағы археологиялық отряд (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеу жұмысын жалғастырды.
Қазіргі сақталған қалпы – тік төрт бұрышты төбе. Өлшемі: солтүстік бағыттары бойынша 120 м, батыс-шығыс бағыттары бойынша 160 м. Биіктігі 1,5-2 м. Төбенің ортасында ауданы 35x45 м2, биіктігі 8-9 м жер бар. Көксутөбенің батыс іргесінен басқа іргелерінің сыртқы ені 35 м ормен қоршалған. Табылған заттар (қыш ыдыстар) Көксутөбені мекендеген халықтың I-XII ғасырларда өмір сүргендігін дәлелдейді. Көксутөбе ескі керуен жолының бойында сауда-саттық қатынастардың қажетін өтеп отырған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>
Әдебиеттер
- Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960;
- Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область, А.-А., 1994.