Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аркук"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Аркук – орта ғасырдан сақталған көне қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Көктөбе ауылының батысында 2 км-дей, Сырдария өзенінің төмен ағысының батысында 6-7 км жерде орналасқан.

Тарихи деректер

Маңындағы Үзкент, Аққорған сияқты көне қала орнынан табылған ыдыстарға ұқсас қыш ыдыстардың табылуына қарап Аркук XIV-XVIII ғасырлар аралығында болған деген болжам айтылады. XV ғасырдың орта кезінен сақталған деректерде Әбілқайыр хан Аркукта болғандығы айтылса, XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы араб-парсы деректерінде қазақ ханы Бұрындық пен өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің арасындағы осы қала үшін болған соқтығыстары туралы жазылған. Мұхаммед Шайбани ханның хатшысы ибн Рузбехан хан Аркук қаласынан әскеріне азық-түлік жинағандығын жазады.

Аркук қаласы Сырдарияның құнарлы жағасында орналасып, егіншілікпен айналысқан маңызды елді мекен болған. Бұл аймақта археология зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич те қала төңірегі егістікке тартылған арық сұлбаларының көптігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар Аркук VI-XII ғасырларда болған деп есептелінетін Артық ата қаласына ұқсастығына назар аударады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте}}