Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тастұмсық (көне қала)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық
Тастұмсық – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Шу ауданы, Бәйдібек ауылынан оңтүстікке қарай 11 км қашықтықта, Тасөткел бөгенінің оң жағалауында орналасқан.

Сипаты

X-XII ғасырларда гүлденген қала ретінде танылған. Тастұмсықтың қазіргі көрінісі биіктігі 1,7-2 м болатын төбе тәріздес. 1980 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) зерттеу барысында қамал қабырғасына, бірнеше ғимарат орнына қазба жұмыстарын жасады. Әлемнің төрт бұрышына бағытталған төрт бұрышты алаңқай өлшемі: сол жағы 32 м, шығысы 20 м, оңтүстігі және батысы 25 м-ден, биіктігі 1,7-2 м.
1986 жылы қазба жұмыстары барысында 11 үй-жай орны және қамал қабырғасының бөліктері есепке алынды. Олардың барлығы иленген балшықтан салынған.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>
Қазба барысында қыш ыдыстар табылды.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте