Тасөткел бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тасөткел бөгені - Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде, Ақсу өзенінің Шуға құйылатын тұсында орналасқан.


1963 жылы іске қосылып, 1974 жылы қайта жөнделген.

Гидрологиясы

Ауданы 78 км2, ұзындығы 18 км, енді жері 8,5 км, орташа тереңдегі 8,0 м, ең терең жері 31,0 м. Шарасы толған кездегі мөлшері 620 млн м3. Су жиналатын алабы 27 мың км2. Бөген арқылы аудан шаруашылықтарының 42,1 мың га жері суарылады. Т. б. Қазақстанның маңызды мелиорациялық құрылыстарының бірі. <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер