Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтарында көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы бірнеше ұрпаққа беріледі, сондай-ақ, бастапқы ұрпақтар жасушаларында байқалатын генетикалық өзгерістер сәулелендіруден өткен жасушаларда пайда болған өзгерістерінен ерекшеленуі мүмкін. Осы күнге дейін есептеліп келген сәулелендіру кезінде жасушада пайда болатын жасушалардың қырылуы, мутациялар, хромосомалық аберрациялар және ісіктердің тасымалдануы сияқты, ДНҚ-ның алғашқы құрылымының қайтымсыз зақымдалуының нәтижесі болып табылатын иондаушы радиацияның ағзаға кері әсерінен пайда болатын осындай биологиялық өзгерістер нәтижесі болып саналатын. Бірақ бұған қарама-қарсы нәтижелер алынған сәулелендіруден кейін тірі қалған жасушалардың бір бөлігі түрі өзгерген ұрпақ беруі мүмкін, бұдан бірнеше ұрпақтар бойы жиілігі жоғары хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайда апоптоз арқылы жасушалардың көптеп қырылуына әкеліп соғады және т.б. Бұл кешеуілденген радиация әсерінің байқалуы радиация әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) деген атпен мәлім. Геном тұрақсыздығының ең негізгі туындыларының бірі болып генотоксикалық агенттердің әсерінен пайда болатын цитогенетикалық өзгерістер болып табылады. Аумағы радионуклидтермен ластанған аймақта тұратын адамдарға цитогенетикалық зерттеу жүргізгенде алғашқыда пайда болған тұрақсыз аберрациялардың уақыт өте келе біртіндеп жойылатындығы мәлім. Сондықтан кейінгі кезде кешеуілді сәулелендіруден кейін пайда болатын тұрақты хромосомалық аберрацияларды зерттеу қарқынды дамуда. Осы типтегі аберрацияларды тұрақсыз аберрациялармен салыстырғанда, ағзада ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ, уақыт өтсе де бұл аберрациялардың орташа жиілігі мүлдем өзгермейді және екінші рет тексерген жағдайда да сол деңгейде сақталады. Бірақ ең қауіптісі осы келешек ұрпақтарға тұрақсыз күйдің берілу мүмкіндігі, ұрпақтар жасушаларында ол қазіргі кезде «геном тұрақсыздығы» деген атпен белгілі молекулалық-генетикалық өзгерістердің қалыптасуына әкеліп соғады. Сол сияқты, адамдардың бірінші буынындағы ұрпағының дене жасушаларында да цитогенетикалық өзгерістер жиілігі жоғары болды ұрпағы пайда болмай тұрып радиация әсеріне ұшыраған. Яғни ата-аналарының гаметалары генотоксикалық әсерге ұшыраған болса, олардың балалары жоғары мутациялық және канцерогендік қауіпті топқа жатады. Сондай-ақ, РӘТГТ-ға жасушалардың белсенділік жауап түзу қасиетін жоғалту және қосымша сәулелендіруге сезгіштікті жоғарлату қасиеті де жатады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub Үлгі:Wikify