Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы бірнеше ұрпақтарға беріледі, сондай-ақ, бастапқы ұрпақтар жасушаларында байқалатын генетикалық өзгерістер сәулелендіруден өткен жасушаларда пайда болған өзгерістерден ерекшеленуі мүмкін. Осы күнге дейін есептеліп келген, сәулелендіру кезінде жасушада пайда болатын жасушалардың қырылуы, мутациялар, хромосомалық аберрациялар және ісіктердің тасымалдануы сияқты, ДНҚ-ның алғашқы құрылымының қайтымсыз зақымдалуының нәтижесі болып табылатын, иондаушы радиацияның ағзаға кері әсерінен пайда болатын осындай биологиядық өзгерістер нәтижесі болып саналатын. Бірақ бұған қарама-қарсы нәтижелер алынған, сәулелендіруден кейін тірі қалған жасушалардың бір бөлігі түрі өзгерген ұрпақ беруі мүмкін, бұдан бірнеше ұрпақтар бойы жиілігі жоғары хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайда апоптоз жолымен жасушалардың көптеп қырылуына әкеліп соғады және т.б. Бұл кешеуілді радиация әсерінің байқалуы радиация әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) деген атпен мәлім. Геном тұрақсыздығының ең негізгі туындыларының бірі болып, генотоксикалық агенттердің әсерінен пайда болатын цитогенетикалық өзгерістер болып табылады. Территориясы радионуклидтермен ластанған аймақта тұратын адамдарға цитогенетикалық зерттеу жүргізгенімізде алғашқыда пайда болған тұрақсыз аберрациялардың уақыт өте келе біртіндеп жойылатындығы мәлім. Сондықтан кейінгі кезде кешеуілді сәулелендіруден кейін пайда пайда болатын тұрақты хромосомалық аберрацияларды зерттеу қарқынды дамуда. Осы типтегі аберрацияларды тұрақсыз аберрациялармен салыстырғанда, ағзада ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ, уақыт өтсе де бұл аберрациялардың орташа жиілігі мүлдем өзгермейді және екінші рет тексерген жағдайда да сол деңгейде сақталады. Бірақ ең қауіптісі осы келешек ұрпақтарға тұрақсыз күйдің берілу мүмкіндігі, ұрпақтар жасушаларында ол қазіргі кезде «геном тұрақсыздығы» деген атпен белгілі молекулалық-генетикалық өзгерістердің қалыптасуына әкеліп соғады. Сол сияқты, адамдардың бірінші буынындағы ұрпағының дене жасушаларында да цитогенетикалық өзгерістер жиілігі жоғары болды ұрпағы пайда болмай тұрып радиация әсеріне ұшыраған. Яғни ата-аналарының гаметалары генотоксикалық әсерге ұшыраған болса, олардың балалары жоғары мутациялық және канцерогендік қауіпті топқа жатады. Сондай-ақ, РӘТГТ-на жасушалардың белсенділік жауап түзу қасиетін жоғалту және қосымша сәулелендіруге сезгіштікті жоғарлату қасиеті де жатады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}