Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көкөсім"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (±Санат:Қазақстан табиғаты→Санат:Маңғыстау облысы географиясы; ±Санат:География→Санат:Төбелер (HotCat құралының көмегім...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Көкөсім, Көгесім – Қарынжарық ойпатының солтүстік-шығысындағы оқшауланған төбе. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан.
Абсолют биіктігі 262 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Батыс Үстірт кемерінің орталық бөлігінде, құрғақ өзен арналары мен жыраларының тілімденген бөлігінде жатыр. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген. Беткейлерінің әр түрлі пішіндері эрозиялық және денудациялық процестерден түзілген. Сортаң, сор топырақ жамылғысында бұйырғын, көкбуын, баялыш, жусан өседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>