Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Базыгүрлі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
| (2 қатысушының арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Базыгүрлі – Кендірліқиясай үстіртінің солт.-шығыс бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Тереңд. 18 м, су шығымы 100 л/сағ. Құдықтың оңт.-батысында өзімен аттас ойыс бар. Солт.-шығысында Сұлутөрткөл тауы орналасқан. Тақыр және қоңыр сұр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік, эфемерлі өсімдіктер өседі.