Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жамағат Хафизұлы Темірғалиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан дирижерлері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:27, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Жамағат Хафизұлы 1946 жылы 6 сәуірде Алматы облысының Сарқанд қаласында туған. Қазақ. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1972), оркестр дирижері, оркестрдің солисті, педагог. Оның басшылығымен оркестр халық музыкасының, халық композиторларының көптеген бірегей туындылары мен ыңғайланған нұқсаларын орындады.

1963 жылдан - Алматы облысы Сарқанд ауданының Абай атындағы ОМ ән мұғалімі. 1965 жылдан - Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының студенті. 1972 жылдан - Құрманғазы атындағы оркестрдің әртісі. 1976 жылдан - П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің бөлімше меңгерушісі. 1981 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы. 1986 жылдан - «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. 1990 жылдан - Талдықорған облыстық филармониясының М. Төлебаев атындағы оркестрінің бас дирижері. 1997 жылдан - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас дирижері. 2002 жылы Н. Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрдің бас дирижері болған. Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қызметкері (1996). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). Діни көзқарасы - ислам. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. 3 баласы бар. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify



Үлгі:Bio-stub