Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ізбасар Өтешұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан хор дирижерлері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:27, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Ізбасар Өтешұлы (15.1. 1937 ж.туған, Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы ) – дирижëр, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (1980), профессоры. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақстан мәдениетінің онкүндігіне қатысқан. 1958 – 64 ж. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның хор дирижері факултетін бітіріп, Қазақтың мемлекеттік ән-би ансамблінде бас хормейстер-дирижер қызметін атқарды. 1970 – 72 ж. Мәскеуде мамандығы бойынша білімін көтерді. 1972 – 81 ж. ән-би ансамблінде бас дирижер болды. 1981 – 2004 ж. К. Байсейітова атындағы арнайы республикалық. музыка мектебінің директоры, П.И. Чайковский атындағы музыка училищесінің директоры. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның аға оқытушысы. Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі және төрағаның орынбасары, Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры.

Ізбасар Өтешұлы зейнетке шыққан соң Астана қаласында тұрды. 2021 жылы Алматыға қоныс аударды. Отбасылы, жұбайы 2020 ж. дүние салды.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub