Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Евгений Евгеньевич Ловчев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(https://news.sportbox.ru/Vidy_sporta/Futbol/Evgeniy-Evgenievich-Lovchev-Futbol-06081975)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Футболшы Евгений Евгеньевич Ловчев (6 тамыз 1975 жыл, Мәскеу<ref>Наша газетаҮлгі:Deadlink</ref>) — ресейлік және қазақстандық футболшы. Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Кәсіпқой футболшы Евгений Серафимович Ловчевтің ұлы. Жартылай қорғаныс шебінде ойнаған. Карьерасында ресейлік және қазақстандық клубтарда өнер көрсетті. 2001 жылы тұңғыш рет Қазақстан клубында ("Жеңіс", Астана) ойнады да, Қазақстан азаматтығын алды.

Қазақстандық клубтардың Еуропа турнирлеріндегі алғашқы голының авторы. 2002 жылы чемпиондар лигасының алғашқы іріктеуінде "Шерифпен" сырт алаңдағы матчта есеп ашты. Бірақ "Жеңіс" ол матчта 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Қазақстан құрамасы сапына ресейлік бапкер Леонид Пахомовтың тұсында ғана тек жолдастық кездесулерде ғана алаңға шықты. Құрамадағы жалғыз голын 2003 жылы Фарер аралдары қақпасына соқты.

2004-05 жылдары "Қайрат"сапында, 2006 жылы "Тобыл" сапында ойнады. Одан бөлек 2007/08 жылдары Қарағандының "Шахтерінде" доп тепті.

2008-09 жылдары Ресейдің "Пиралит" әуесқой футбол клубында ойнап, футболшылық карьерасын аяқтады.

Ойнаған клубтары

1994—1995 ТРАСКО (Ресей) 83 (14)
1996 Локомотив (Мәскеу) 1 (0)
1997—1998 Славия (Мозырь, Белоруссия) 30 (5)
1998 Локомотив (Санкт-Петербург) 15 (1)
1999 Торпедо-ЗИЛ 17 (1)
2000 Ника (Мәскеу)
2001—2003 Жеңіс (Астана) 91 (13)
2004—2005 Қайрат ҚТЖ 57 (4)
2006 Тобыл (Қостанай) 16 (0)
2007—2008 Шахтёр (Қарағанды) 51 (3)
2008—2009 Приалит Реутов 19 (12)

Жетістіктері

  • Қазқастан чемпионы (2001, 2004)
  • Қазақстанның қола жүлдегері (2003, 2005, 2006, 2007)
  • Қазақстан кубогы (2000-01, 2002)
  • Қазақстанның үздік футболшысы: 2002

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер