Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тамабек"
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Тамабек (2022 ж. дейін — Амангелді)<ref>Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы</ref> — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Шәкіров ауылдық округі құрамында.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 75 км жерде, Талас өзенінің шығыс жағындағы жусан мен шалғын шөп өскен қоңыр топырақты далада және шөлейтті жерде орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 473 | Үлгі:Өсім843 | Үлгі:Құлдырау479 | 56,8 | 422 | Үлгі:Құлдырау241 | 57,1 | 421 | Үлгі:Құлдырау238 | 56,5 |
Тарихы
Іргесі Елтай (Чкалов) ұжымшары негізінде қалыптасты (1929). Ол кейіннен асыл тұқымды қой өсіретін Амангелді кеңшары болып құрылды. ІІ - дүниежүзілік соғыс жылдарында бұл ауылдан майданға жүздеген арғымақтар бапталып жөнелтілді. 60-жылдардан бастап қаракөл қой шаруашылығымен шұғылданды. Бір ғана осы ауылдан 11 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Кейінгі жылдары жоғары сортты егін өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды, 1997 жылдан облысқа белгілі ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы Тамабек Қартабаевтың құрметіне осылай аталады.
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, тағы басқа мекемелер, құбыр жүйесі бар.