Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тель-кель"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Алматы: Жеті жарғы → Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008. ISBN → 2008 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Тель-кель (ағыл. tel quel; нем. telquel, tel quel, Telquel-Klausel f; фр. tel guel - бар болатындай) - Тек өз атауына сәйкес келетіні үшін ғана, сатып алушыға берілу үшін келген немесе ұсынылатын тауарды сатып алушы оның сапасына тәуелсіз түрде қабылдауы қажет деп айтылатын халықаралық саудадағы сатып алу-сату шарты жағдайларының бірі.

Осы арқылы сатып алушы тауардың сапасына қатысты кінәрат қоюды ұсыну құқығынан айырылады.

Тель-кель жағдайы, мысалы, аукциондарда сату кезінде, жүктерді теңізбен тасымалдау кезінде қолданылады. Соңғы жағдайда сатушы тасымалдау кезінде тауардың сапасының нашарлағаны үшін жауапкершілік жүгін арқаламайтынын білдіреді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң

Үлгі:Суретсіз мақала