Аукцион
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы) нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды. Аукционның жабық түрінде сатып алушы аукционшыға баға көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы сатып алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды. Бағаны бір ыңғай төмендету арқылы жүргізетін аукционда тауар тобын (лотты) кім бірінші «иә» десе, сол алады. Бағаны төмендететін аукциондарда бағаның өзгеруі циферблат тілімен көрсетіледі. Кім бірінші кнопканы басып циферблат тілін тоқтатса, лотты(тауар тобын) сол сатып алады. <ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>
1. Жария саудаларды өткізуге негізделген тауарлық және басқа құндылықтарды ұйымдастыру нысаны. Аукциондық саудаға сатып алушылардың өзара бәсекелестік принципі алынған. Сатып алу құқына ең жоғары бағаны атаған аукцион мүшесі ие болады.
2. Жауапсыз борышкердің мүмкін мәжбүрлеп сату нысаны.
3. Жекешелендіру нысаны.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң