Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құрмаш Қосжанұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Кіріспе бөлімін өңдеді)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:28, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Құрмаш Қосжанұлы(1880, Адай уезі – 1930) – халық батыры.

  • 1927 жылы қыста Қарашағыр жерінде Қосжанұлының жүйрік атына қызыққан кеңестік белсенді Жұмағали Қойлыбаев қарулы жасағымен бейбіт көшке оқ атады. Бір оқ Қосжанұлының бесіктегі 3 жасар баласына тиеді. 3 серігі тұтқындалады. Қосжанұлы арызданып теңдік ала алмаған соң Құныскерей Қожахметов тобына қосылады.
  • 1929 жылы 16 сәуірде үстірт маңында қызыләскерлер Қосжанұлының ауылына шабуыл жасап, 6 адамды өлтіріп, 15 отбасын үйелменімен тұтқындайды.
  • 1929 жылы 8 шілдеде Нақышбай құдығы маңында 2 адамды өлтіріп, 30 мың сомның мал-мүлкін тәркілейді. Кейіннен қолға түскен 19 баланы Қарақалпақстандағы балалар үйіне тапсырады. Қосжанұлы қызыләскермен атыста қазаға ұшыраған.
  • 1929 жылы 17 желтоқсанда ОГПУ үкімімен Қосжанұлының 43 серігі айдалады. 20-сы атылды, қалғандары әр түрлі мерзімге сотталды.

Қосжанұлының қозғалысы:

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub