Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ашқұрсақ"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Ашқұрсақ - малдың артқы санының жамбас тұсындағы ойыстау келген тұсы. Ашқұрсақ әсіресе сиыр мен жылқыда жақсы байқалады. Жайылымда жем-шөпке тойған малды ашқұрсағы толып түр деп мал жайған шөпанға қошемет корсетіледі. Мал тойынып семірген кезде ашқұрсағы толып, білінбей кетеді. Жылқыны, әсіресе сиырды сояр алдында бір күн ашықтырып, ашқұрсағы ойыстанып білінген кезде «жын-тоғы» басылды деп санап союға кіріседі. Сонда еті жінікпейді, дәмді болады деп есептейді. Халықтық ветеринарияда ашқұрсақ арқылы уланған малдың месқарынын бізбен тесетін тұсып анықтайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub