Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ибрагим Исаев"
ш (Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері → [[Санат:Халықаралық «Алаш» әдеби...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ибрагим Исаев (07.01.1949 ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жетікөл ауылы - 27.12.2014 ж. Алматы) - ақын, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдіскер, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-сцена» журналында бас редактор, «Сақшы — На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.
Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан.
Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен.
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Шығармалары
- Алтын сырға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
- Таң алдындағы ән. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976;
- Тербеледі қайыңдар. Өлеңдер мен баллада. А., «Жалын», 1981;
- Жанымның жарығы. Өлеңдер мен баллада. А., «Жазушы», 1983.
Дереккөздер
<references/>