Ибрагим Исаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибрагим Исаев (07.01.1949 ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жетікөл ауылы - 27.12.2014 ж. Алматы) - ақын, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдіскер, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-сцена» журналында бас редактор, «Сақшы — На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан.

Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен.

«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Алтын сырға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
  • Таң алдындағы ән. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976;
  • Тербеледі қайыңдар. Өлеңдер мен баллада. А., «Жалын», 1981;
  • Жанымның жарығы. Өлеңдер мен баллада. А., «Жазушы», 1983.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}