Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әшір Бүркітбаев"
ш (clean up, replaced: Талас ауданы → Талас ауданы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Әшір Бүркітбаев (1906, Талас ауданы – 28.2.1938, Алматы) – Қазақстандағы жастар қозғалысының қайраткері. Жастай жетім қалып, Ташкент балалар үйінде тәрбиеленген. 1925 ж. Ташкентте фабрика-зауыт училищесін бітіріп, Қарсақпай зауытында токарь болып істеді (1925 – 27). 1927 ж. қараша айынан бастап Қазақстан өлкелік комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1929 – 32 ж. 1-хатшысы, 1933 ж. Риддер қалалық партия комитетінің хатшысы болды. 1934 ж. Орал – Қазақстан өнеркәсіптік академиясын бітірген соң, Қазақстандағы тұңғыш тех. жоғары оқу орны – Қазақ кен-металлургия институтын ұйымдастыруға басшылық жасады және оның алғашқы ректоры болды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>