Әшір Бүркітбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әшір Бүркітбаев (1906, Талас ауданы – 28.2.1938, Алматы) – Қазақстандағы жастар қозғалысының қайраткері. Жастай жетім қалып, Ташкент балалар үйінде тәрбиеленген. 1925 ж. Ташкентте фабрика-зауыт училищесін бітіріп, Қарсақпай зауытында токарь болып істеді (1925 – 27). 1927 ж. қараша айынан бастап Қазақстан өлкелік комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1929 – 32 ж. 1-хатшысы, 1933 ж. Риддер қалалық партия комитетінің хатшысы болды. 1934 ж. ОралҚазақстан өнеркәсіптік академиясын бітірген соң, Қазақстандағы тұңғыш тех. жоғары оқу орны – Қазақ кен-металлургия институтын ұйымдастыруға басшылық жасады және оның алғашқы ректоры болды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}