Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рүстем Мұқашұлы Елубаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Жетістіктері: clean up, replaced: – 2011. → ., 2 томдық → Екі томдық, 2011. → 2011 жыл. using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Рүстем Мұқашұлы Елубаев - 1969 жылы 27 шілдеде Көкшетау облысы Қызылту ауданының Май ауылында туған. Қазақ. Анасы - Елубаева Сәлима Молдағалиқызы (1944 жылы туған), зейнеткер. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Хронологиясы

  • Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын (1991) ғалым-агроном мамандығы бойынша;
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін (2006) экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
  • 1986 жылдан - Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1992 жылдан - Көкшетау облысы Ленин ауданының «Май» кеңшарының тұқым өсіруші-агрономы.
  • 1994 жылдан - Көкшетау облысы Ленин ауданы «Жаңа ауыл» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының бас агрономы.
  • 1999 жылдан - «Солтүстік қазақстан облысы жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылау облыстық мемлекеттік инспекциясы» ҚМКК Көкшетау қаласы бойынша Жер инспекциясының жетекші маманы.
  • 2000 жылдан - «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ Ақмола облыстық өкілдігінің жетекші маманы, сапаны бақылау жөніндегі бас маманы, директорының орынбасары (Көкшетау қаласы).
  • 2005 жылдың мамырынан - «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Батыс қазақстан облыстық өкілдігінің директоры (Орал қаласы).
  • 2005 жылдың желтоқсанынан - Солтүстік қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.
  • 2006 жылдан - СҚО Уәлиханов ауданының әкімі.
  • 2007 жылдан - СҚО Жер қатынастары басқармасының бастығы.
  • 2009 жылдың мамырынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі.

Жетістіктері

Әскери атағы - аға сержант. Діни көзқарасы - исламның дәстүрлі ағымын ұстанушы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанныңболашағы туралы болжамы -«Орталық Азия аймағындағы ең мықты мемлекет». Хоббиі - спорт (хоккей, волейбол, стол үсті теннис). Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет, детективтік жанр. Үйленген. Жұбайы - Елубаева А.К. (1969 жылы туған), медицина саласының қызметкері. Қыздары - Елубаева Дамира (1992 жылы туған), Елубаева Әмина (2004 жылы туған); ұлы — Мұқашев Дархан (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub