Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ирбис Ышбар Жабғы Хан"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ирбис Ышбар Жабғы Хан' (өз есімі – Баһадур) –640 – 641 жылы Батыс Түрік қағанатының сегізінші ханы, Ашина әулетінің өкілі, Істеми ханның ұрпағы. Шығу тегі мынадай: Істеми хан – Қара Шор Түрік – Ян-Саух хан – Бага-шад-Нишу – Ирбис Ышбара Жабғы хан. Ирбис Ышбара Жабғы хан билікке отырысымен қағанаттағы шиеленіскен жағдайды біршама ретке келтіреді. Қағанатқа Куча, Тохарстан, Қарашар, Шаш, Кеш, Самарқан сияқты жеке иеліктер бағынады. Ирбис Ышбара Жабғы хан өзінің көшпелі ордасын Дулу тайпалары мекендейтін Шу мен Іле өзендері аралығына қондырады да, оны «Оңтүстік Орда» деп атайды. Қытай императоры Тайцзун оны заңды хан деп танып, бітімге келеді. 641 жылы «Оңтүстік ханын» Шаш өңіріндегі жергілікті бектер тұтқынға алып, өлтіреді. Нушеби тайпаларының бектері 641 жылы Ишбар Елтеріс ханның немересі Ирбис Шегуханды таққа көтереді. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сыртқы сілтемелер
Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1993