Ирбис Ышбар Жабғы Хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Батыс Түрік Қағанаты.png
Батыс Түрік Қағанаты

Ирбис Ышбар Жабғы Хан' (өз есімі – Баһадур) –640 – 641 жылы Батыс Түрік қағанатының сегізінші ханы, Ашина әулетінің өкілі, Істеми ханның ұрпағы. Шығу тегі мынадай: Істеми ханҚара Шор ТүрікЯн-Саух ханБага-шад-НишуИрбис Ышбара Жабғы хан. Ирбис Ышбара Жабғы хан билікке отырысымен қағанаттағы шиеленіскен жағдайды біршама ретке келтіреді. Қағанатқа Куча, Тохарстан, Қарашар, Шаш, Кеш, Самарқан сияқты жеке иеліктер бағынады. Ирбис Ышбара Жабғы хан өзінің көшпелі ордасын Дулу тайпалары мекендейтін Шу мен Іле өзендері аралығына қондырады да, оны «Оңтүстік Орда» деп атайды. Қытай императоры Тайцзун оны заңды хан деп танып, бітімге келеді. 641 жылы «Оңтүстік ханын» Шаш өңіріндегі жергілікті бектер тұтқынға алып, өлтіреді. Нушеби тайпаларының бектері 641 жылы Ишбар Елтеріс ханның немересі Ирбис Шегуханды таққа көтереді. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1993

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ирбис Ышбар Жабғы Хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}