Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ындын, ындыны кебу"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ындын, ындыны кебу «Қатты шөлдеді, қаталады» мағынасын қазақ тілінде осы тіркеспен де жеткізеді. «Ындыным кеуіп, екінші самаурын еселенуін күттім» (М. Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). Қазақ тіліндегі сияқты ауыспалы мағыналарда болмаса, «ындын» сөзінің алғашқы мағынасы боларлықтай сөз басқа түркі тілдерінде кездеспеді. Мысалы, қырғыз тілінде «ындын» тұлғасы — «көңіл-күй» мағынасын береді. Одан әрі, монғолша «ундаан», қалмақтарда «унды» біздің түсінігіміздегі «сусын» мағынасына нұсқайды. Тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің кейбіреуінде «уннун» сөзі — «таңдай» дегенді ұғындырады. Міне осы сөз монғолдарға, бері келе түркі тілдерінің кейбіреуіне ауысып, мағына өзгерістеріне ұшырауы ықтимал. Сонда «ындыны кебу» біздің түсінігіміздегі «таңдайы кебуді» білдіреді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify