Ындын, ындыны кебу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ындын, ындыны кебу «Қатты шөлдеді, қаталады» мағынасын қазақ тілінде осы тіркеспен де жеткізеді. «Ындыным кеуіп, екінші самаурын еселенуін күттім» (М. Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). Қазақ тіліндегі сияқты ауыспалы мағыналарда болмаса, «ындын» сөзінің алғашқы мағынасы боларлықтай сөз басқа түркі тілдерінде кездеспеді. Мысалы, қырғыз тілінде «ындын» тұлғасы — «көңіл-күй» мағынасын береді. Одан әрі, монғолша «ундаан», қалмақтарда «унды» біздің түсінігіміздегі «сусын» мағынасына нұсқайды. Тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің кейбіреуінде «уннун» сөзі — «таңдай» дегенді ұғындырады. Міне осы сөз монғолдарға, бері келе түркі тілдерінің кейбіреуіне ауысып, мағына өзгерістеріне ұшырауы ықтимал. Сонда «ындыны кебу» біздің түсінігіміздегі «таңдайы кебуді» білдіреді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}