Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Майра Шорақызы Сарыбаева"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: 1998 ж., → 1998 жыл, using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Майра Шорақызы Сарыбаева (25. 10. 1957 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты (1991).
- Қазақ мемлекеттік әлем тілдер (ҚазМӘТ) университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген (1971);
- 1979—1981 жылдары Жамбыл педагогика институтының ағылшын тілі фонетикасы кафедрасында оқытушы;
- 1981—1982 жылдары Алматы қаласы №12 қазақ орта мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі;
- 1982—1985 жылдары ҚазМӘТ университетінің ағылшын тілі фонетикасы кафедрасын датәлімгер-зерттеуші, ағылшын тілі лексикологиясы кафедрасының аспиранты;
- 1989—1992 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде оқытушы;
- 1992—1993 жылдары ҚазМӘТ университетінде аударманың теориясы мен практикасы кафедрасында ағылшын тілінің оқытушысы;
- 1993— 1994 жылдары ҚазМӘТ университетінде халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары;
- 1994—1996 жылдары осы факультеттің ағылшын тілінің сөйлеу практикасы кафедрасының меңгерушісі;
- 1995—1996 жылдары Кентуки университетінде (АҚШ) Қазақстан тарихы, мәдениеті және қазақ тілі пәндерінің оқытушысы;
- 1996 жылдан Филипс компаниясының Қазақстандағы екілеттілігі бас менеджерінің ассистенті қызметін атқарады;
- Проф. М. М. Копыленконың жетекшілігімен "Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің туыстық белгілерінің жүйесі" деген тақырыпта кандидат диссертациясын қорғады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify