Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фабулит"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Фабулит — жасанды минерал, стронций титанаты. Химиялық формуласы: SrTіO3. Құрамы жағынан перовскитке жақын, 1953 жылдан өндіріліп келеді. Моос шкаласы бойынша қатт. 6, тығызд. 1,513 г/см3, изотропты, морт сынады, сәуле сындыру көрсеткіші 2,41. Рентген сәулесін өткізбейді, ультракүлгін сәулемен әсер еткенде люминесценция құбылысы байқалмайды. Фабулит негізінен зергерлік бұйымдар жасау үшін пайдаланылады.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том