Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жаманесіл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Астрахан ауданы → Астрахан ауданы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жаманесіл – Есілдің оң саласы. Астрахан ауданы жерінде. Тобылжан а-нан батысқа қарай 4 километр жерде Есілдің негізгі арнасынан бөлініп шығып Қаратүбек ауданынан төменде 1 километр жерде қайта қосылады. Ұзындығы 29 километр Тарамдардан, ескі арналардан тұратын жайылмасы су тасқыны кезінде су астында қалады. Оның кейбір телімдерінде шағын көлдер пайда болады. Ж-дің арнасы ирелеңдеген, жағалаулары жайпақ келеді. Суы қарашада қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Қар, жер асты суларымен толығады. Жайылманың құнарлы шалғын топырағында әртүрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Оларды ауданы ауыл шаруашылығы бірлестіктері пайдаланады. Суы мал суаруға жарамды.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub