Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гердер тамыры"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

ГЕРДЕР ТАМЫРЫ (Cachrіs herberі) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ҚазақстандаЖетісу (Жоңғар) Алатауының (Алтынемел жотасы, Шолақтау, Матай) тастақты жазықтарында, таудың қорымтасты сатылы беткейлері мен өзендердің жіңішке арнасында, қалың бұталы тоғайлардың арасында өседі. Биікт. 80 см-дей, Кіндік тамырлы, сабағы тік, ұшына қарай бұтақталып келеді. Жапырақ тақтасын кедір-бұдырлы қысқа түктер басқан, жапырақтары ұзын сағақты, үшбұрышты, ұзындығы 40 см-дей. Гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырына жиналған, әр шатыршада 8 – 10 гүлден бар. Күлтесі ақшыл сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – сопақша, жылтыр, ұзындығы 12 – 18 мм. Г. т. өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub