Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәм-татымдық өсімдіктер"
ш (clean up, replaced: Қазақ тілі терминдер сөздігі → Қазақ тілі терминдер сөздігі, Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Дәм-татымдық өсімдіктер – әр түрлі органдарында (тамыр, тамырсабақ, жапырақ, гүл, жеміс) жұпар иісті заттар (глюкозидтер, алкалоидтар, т.б.) жиналатын өсімдіктер.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref> Дәм-татымдық өсімдіктердің көпшілігі едәуір мөлшерде витаминдер: каротин немесе провитамин А (ақжелек, аскөк, қызыл бұрыш, пияз), ал кейбіреулері антибиотик типтес заттар түзеді. Мұндай өсімдіктер (мысалы, пияз, сарымсақ) тағамның дәмін, иісін жақсартумен қатар, оны сақтағанда бүлінбеуіне де әсер етеді. Дәм-татымдық өсімдіктер жер жүзінде, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Қазақстанда кездесетін Дәм-татымдық өсімдіктер алуан түрлі және олар көбінесе шөптесін өсімдіктер. Мысалы, бәден, балдыркөк, ақжелкек, ботташық, аскөк, жалбыз, тасшөп, пияз, сарымсақ, қыша, барқытшөп, т.б. Дәм-татымдық өсімдіктер тамақ өнеркәсібінің көптеген салаларында, сонымен қатар медицина мен парфюмерияда қолданылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>