Дәм-татымдық өсімдіктер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дәм-татымдық өсімдіктер – әр түрлі органдарында (тамыр, тамырсабақ, жапырақ, гүл, жеміс) жұпар иісті заттар (глюкозидтер, алкалоидтар, т.б.) жиналатын өсімдіктер.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref> Дәм-татымдық өсімдіктердің көпшілігі едәуір мөлшерде витаминдер: каротин немесе провитамин А (ақжелек, аскөк, қызыл бұрыш, пияз), ал кейбіреулері антибиотик типтес заттар түзеді. Мұндай өсімдіктер (мысалы, пияз, сарымсақ) тағамның дәмін, иісін жақсартумен қатар, оны сақтағанда бүлінбеуіне де әсер етеді. Дәм-татымдық өсімдіктер жер жүзінде, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Қазақстанда кездесетін Дәм-татымдық өсімдіктер алуан түрлі және олар көбінесе шөптесін өсімдіктер. Мысалы, бәден, балдыркөк, ақжелкек, ботташық, аскөк, жалбыз, тасшөп, пияз, сарымсақ, қыша, барқытшөп, т.б. Дәм-татымдық өсімдіктер тамақ өнеркәсібінің көптеген салаларында, сонымен қатар медицина мен парфюмерияда қолданылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Wikify

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub