Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бауыркірпікшелі құрттар"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Бауыркірпікшелі құрттар(Gastrotrіcha) — жұмыр құрттар типінің бір класы. Бұлар мacrodasyoіdea және сhaetonotoіdea деген 2 отрядқа жіктеледі, негізінен, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік етеді, 160-тан артық түрі белгілі. Денесінің ұзындығы 0,05 - 1,5 мм. Бүкіл денесін жабысқақ бездер басқан. Кірпікшелері тек бауыр жағында ғана болады, олар аяқ қызметін атқарады. Сезім мүшелеріне сезгіш қармалауыштары, дәм-иіс сезу қуысы және пигментті көздері (фоторецепторлар) жатады. Бауыркірпікшелі құрттар қос жыныстылар, бұлардың ұрықтануы іштей, тура (метаморфозсыз) жүреді. Бір клеткалы балдырлармен және микроорганизмдермен қоректенеді.