Бауыркірпікшелі құрттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауыркірпікшелі құрттар(Gastrotrіcha) — жұмыр құрттар типінің бір класы. Бұлар мacrodasyoіdea және сhaetonotoіdea деген 2 отрядқа жіктеледі, негізінен, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік етеді, 160-тан артық түрі белгілі. Денесінің ұзындығы 0,05 - 1,5 мм. Бүкіл денесін жабысқақ бездер басқан. Кірпікшелері тек бауыр жағында ғана болады, олар аяқ қызметін атқарады. Сезім мүшелеріне сезгіш қармалауыштары, дәм-иіс сезу қуысы және пигментті көздері (фоторецепторлар) жатады. Бауыркірпікшелі құрттар қос жыныстылар, бұлардың ұрықтануы іштей, тура (метаморфозсыз) жүреді. Бір клеткалы балдырлармен және микроорганизмдермен қоректенеді.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауыркірпікшелі құрттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}